​СҚО-да 5 млн гектар жерге егін егіледі

0
1 068

Мамырдың мамыражай күні. Дала төсі қайтадан дүбірге бөленді. Көктемгі дала жұмыстарының қызған шағы. Шаруалар ылғал жабуға кірісіп кетті.


​СҚО-да   5 млн гектар жерге егін егіледі

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары басталып кетті, деп жазады «Хабар 24».

Биыл өңір диқандары 5 млн гектар жерге ырыс дәнін сіңірмек. Оның ішінде майлы дақылдарға басымдық беріліп отыр.

Мамырдың мамыражай күні. Дала төсі қайтадан дүбірге бөленді. Көктемгі дала жұмыстарының қызған шағы. Шаруалар ылғал жабуға кірісіп кетті.

Егіс танабына трактордың табаны тиді. Шаруалар көктемнің бір күні жылға азық екенін жақсы біледі. Сондықтан да күн-түн демей, жанталаса жұмыс істеп жатыр.

Евгений Чикунов биыл оныншы рет «еңбек майданына» шықты. Осымен отбасын асырап отыр. Механизаторда арман жоқ. Астында шетелдің заманауи техникасы.

Евгений Чикунов, механизатор:

– Жұмыс жыл сайын жеңілдеп барады. Техника жаңарып жатыр. Қазір бұрынғыдай шаң-озаңның арасында жүрмейміз. Көктемде егін егеміз. Күзде орамыз. Біз үшін табыс науқаны басталды деуге болады.

Қазір алқаптарда ылғал жабу жұмыстары жүріп жатыр. Ол жер қыртысын тегістеп, ылғалдың буланып кетпеуіне мүмкіндік береді. Бір жыл бір жылға ұқсамайды. Әрқайсыcы өзінше ерекше.

Өмірбай Омаров, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

– Биылғы жылдың ерекшелігі, әртараптандыруға байланысты майлы дақылдардың көлемі 4 мың 400 гектардан біздің аудан бойынша 48 мың гектарға жеткізіліп отыр. Соның ішінде биыл бірінші рет соя өсімдігі өсірілмек. Облыс бойынша тыңайтқыш, жанар-жағармай жеткілікті. Биыл 1 млн гектар жерге майлы дақылдар себіледі. Соңғы жылдары оған деген сұраныс өте жоғары.