СҚО-да боранға байланысты Астана бағытындағы жол жабылды

0
606

Аталған өңірде боран соғып, қар ұшқындап, айналаның көріну деңгейі шектелген.


СҚО-да боранға байланысты Астана бағытындағы жол жабылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 5 қарашада сағат 22:00-ден бастап Астана – Петропавл тас жолының А-1 учаскесі жабылып, мұнда көліктер қозғалысы шектелген, деп жазады zakon.kz.

Аталған өңірде боран соғып, қар ұшқындап, айналаның көріну деңгейі шектелген.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ филиалы атап өткендей, Келлеровка ауылынан Петропавл қаласына дейінгі жол учаскесі жабылды.

"Жолдағы жағдай бақылауға алынған. 20-ға жуық арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды", - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ филиалы.

Айта кетсек, 5 қарашада Петропавлда қалың қар жауғаны хабарланған. 23 техника жолдарды тазалауға аттанды, тағы 19-ы тротуарлардағы қарды күреуде. Үш арнайы көлік жолдарға көктайғаққа қарсы материал төкті.