СҚО-да интернатта оқушылардың жаппай коронавирус жұқтырғаны расталмады

0
170

Кеше ғана аудан әкімінің орынбасары 19 оқушының қауіпті індетті жұқтырып, аталған білім ордасы карантинге жабылғаны жайлы өзінің Facebook парақшасында жазған еді.


СҚО-да интернатта оқушылардың жаппай коронавирус жұқтырғаны расталмады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстандағы "Мамлют санаторлық мектеп-интернатында" оқушылардың жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты жауаптылар түсініктеме жасады, деп хабарлайды Хабар24.

Облыстық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары камера алдында сұхбат бермей, БАҚ өкілдеріне ауызша ақпарат таратты.

Баспасөз хабарламада тек екі баланың ауырып қалғаны айтылған. Яғни 16 және 6 жастағы балаларды облыстық ауруханаға жатқызу үшін алынған ПТР-тестінің оң нәтиже көрсеткені жазылған.

Айта кетейік, күні кеше ғана аудан әкімінің орынбасары 19 оқушының қауіпті індетті жұқтырып, аталған білім ордасы карантинге жабылғаны жайлы өзінің Facebook парақшасында жазды, сонымен қатар бұл ақпаратты ауданның Бас санитар дәрігері де растаған болатын. Қазіргі уақытта науқастар мен байланыста болғандардың жағдайы қанағаттанарлық, ауырып қалған балалар стационарда емделуді жалғастыруда. Эпидемиологиялық тексеру кезінде 17 адамнан тұратын байланыста болған адамдар анықталды. Байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Індет ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет