СҚО-да құтырма ауруының ошағы тіркелді

0
698

Бірлік ауылында шектеу шаралары енгізілді.


СҚО-да құтырма ауруының ошағы тіркелді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында шектеу шаралары енгізілді. Оған құтырма ауруының ошағы тіркелуі себеп, деп жазады Azattyq Rýhy.

Елдімекенде табылған түлкінің өлексесінен алынған сараптама оның жұқпалы дертке шалдыққанын көрсеткен. Теріскейде жыл басынан бері төрт түлік пен үй жануарларының құтырмаға шалдығуының 11 фактісі тіркелді. 26 мың бас малға екпе салынды. Жыл соңына дейін 30 мыңнан астам үй жануары вакцинамен қамтылмақ.

«Шектеу шаралары аясында дезинфекция жүргізіліп, ауылдағы үй жануарлары мен малға вакцина салынады. Мониторинг жүргізілуде. Түлкінің өлексесі сәуір айында табылған. Ауылдық әкімдік огругінің шешімі әділет органдарында ұзақ уақыт бойы тіркеуде жатты. Сондықтан карантиндік шаралар енді ғана енгізіліп отыр», - деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім жетекшісі Қайырлы Қазанов.