СҚО-да мектеп оқушысы үзіліс кезінде жарақат алды

0
344

Басқа оқушы итеріп жібергенде, ұл бала кафелге құлаған.


СҚО-да мектеп оқушысы үзіліс кезінде жарақат алды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданы Новомихайловка орта мектебінде үзіліс кезінде оқушы жарақат алып, ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 23 қазанда болған.

Үзіліс кезінде бір оқушы екіншісін итеріп жіберген. Соның салдарынан ұл бала кафельге құлап, жарақат алған.

«Сынып жетекші мен медицина қызметкері тексеріп, артынша ауылдың терапевт дәрігерін шақырған. Қазір оқушы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Аудандық білім бөлімі аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізуде», - деді білім беру бөлімінің өкілдері.