СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы

0
572

31 жабайы қазды атқаннан мемлекетке келген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады.


СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында достарымен жабайы қаздарды атуға шыққан полицей ұсталды, деп жазады Sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 6 мамырда Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы Шағалалытеңіз көлінің жағасында жабайы құстарды заңсыз аулаған Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Олардың ішінде полиция қызметкері де болды.

"Олардан жабайы қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.

31 жабайы қазды атқаннан мемлекетке келген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады. Қылмыстық кодекстің 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.