СҚО-да шенеуніктер 17 миллион теңгеге көлік сатып алған

0
730

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жүргізілген байқаудың жеңімпазы "Азия Авто" АҚ екені анықталды.


СҚО-да шенеуніктер 17 миллион теңгеге көлік сатып алған

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 17 миллион теңгеге А санатындағы көлікті сатып алған, - деп жазады Тengrinews.kz.

23 мамырда мемлекеттік сатып алулар сайтында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жалпы сомасы 40 миллион теңге болатын үш көлік сатып алғаны жайлы хабарлама пайда болды. Онда Е санатындағы жеңіл көліктің 18 480 теңге, В санатындағы 15 560 000 теңге және С санатындағы көліктің 6 080 000 теңге екені көрсетілді.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жүргізілген байқаудың жеңімпазы "Азия Авто" АҚ екені анықталды, ол облыстық әкім аппаратына тиесілі болып шықты. Сатып алынған көліктердің бағасы - 17 033 500 теңге, 14 345 000 теңге және 5 253 000 теңге.