СҚО-да жасөспірім өзін пневматикалық қарудан жарақаттап алды

0
180

18 жасар танысының үйінде болған жасөспірім пневматикалық мылтықты көрмекші болған.


СҚО-да жасөспірім өзін пневматикалық қарудан жарақаттап алды

ERNUR.KZ. СҚО облыстық балалар ауруханасына табанының оқ жарақатымен 16 жасар жасөспірім жүгінді. 12 қараша күні Қызылжар ауданының тұрғыны 18 жасар танысының үйінде болған және пневматикалық мылтықты көрмекші болады, деп жазады baq.kz.

Мылтықтың оқталып тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атып алған. Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Дәрігерлер аталған факті туралы полицияға хабарлаған. Казіргі уақытта учаскелік полиция инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабы «Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану» бойынша әкімшілік материал жинауда. Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді. Ювеналдық полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Жасөспірімнің отбасы жақсы жағынан сипатталады. Орын алған жағдай аңшылық және спорттық қару иелерін қаруды белгіленген ережелерге сай сақтаулары туралы ескертеді. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірген жөн. Орын алған жағдай аңшылық және спорттық қару иелерін қаруды белгіленген ережелерге сай сақтаулары туралы ескертеді. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірген жөн, - деді Қызылжар ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет