СҚО-да жүк пойызы 16 қойды басып кетті

0
372

Көлік полицейлері төрт түлік иелеріне теміржолдардың бойында мал жаюға болмайтындығын ескертеді.


СҚО-да жүк пойызы 16 қойды басып кетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Белоградовка-Жаңаесіл өткелінде жүк пойызы 16 қойды басып кетті, деп жазады Kazinform.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Белоградовка-Жаңаесіл өткелінде жүк пойызының машинисі жедел тоқтау үшін тежегішті басқан. Алайда теміржол үстінде жайылып жүрген қойлармен соқтығыспау мүмкін болмады. Салдарынан 16 қой сол жерде өлді. Ал пойызды 10 минут жолдан қалдыруға тура келді.

Тексеріс барысында түліктің иесі анықталды. СҚО-ның 58 жасағы тұрғыны теміржолда қой баққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тоқтауының 1624 фактісі тіркелді, оның 1077 жағдайында темір жол үстінде үй жануарлары жүрген.

Көлік полицейлері төрт түлік иелеріне теміржолдардың бойында мал жаюға болмайтындығын ескертеді.