СҚО полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды

0
683

Полицейлер бұл ақпаратқа түсініктеме берді.


СҚО полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим ауылында Ғабит Мүсірепов ауданының полиция ғимаратының жанында ер адамның асылып қалғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады zakon.kz.

Полицейлер бұл ақпаратқа түсініктеме берді.
"27 маусым күні сағат 07:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан орталығы – Новоишим полициясының әкімшілік ғимаратының аумағында зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер байқалмаған 56 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті", – делінген хабарламада.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ер адамның жүргінші жолағымен аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай өтпек болғанын анықтады. Сонан соң ол ғимарат аумағына өткен, кейін оның мәйіті табылған.

Полицейлер әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмегенін және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқанын атап өтті.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство қызметтік тексеру тағайындалғанын қоса мәлімдеді.