"Снарядтар бомба секілді жарылды": Арыстағы жарылыс куәгерінің пікірі (видео)

0
10 400

"Аппақ түтіннен шыға алмай қалдық", - дейді оқиға куәгері.


фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Арыстағы эвакуациялау жұмыстарына әскерилер, жергілікті әкімшілік мамандары және полиция қызметкерлері жұмылған, деп жазады «Хабар 24».

Айта кетейік, Арыс ауданы мен орталығында 40 мыңға жуық халық тұрады. Енді олар толықтай Қазығұрт, Шардара бағытына қарай көшуі тиіс. Жарылыс болған әскери бөлімге келсек, нысан аумағы толықтай қоршауға алынған. Ал Арыстағы дүкендердің, асханалардың жалпы қоғамдық орындардың қызметі тоқтатылды.

«Таңертең орнымыздан тұрғанда бірден "бах" етті де, терезе-есіктің бәрі сықырлап кетті. Кейін не болады екен деп сәл күттік. Снарядтар бомба секілді жарыла берді. Ақ түтіннен шыға алмай қалдық», – дейды Арыс қаласының тұрғыны Гүлбаршын Абдуллаева.