"Сол күні аудан әкіміне барған": Жетісу облысында өз-өзіне қол жұмсаған көп балалы ана туралы жаңа деректер айтылды

0
519

35 жастағы Балжан Өзбекованың жұбайы Алматыда құрылысшы болып жұмыс істеген.


ERNUR.KZ. Жетісу облысында 10 қорап аспирин ішіп, көз жұмған көп балалы ананың өліміне байланысты жаңа деректер белгілі болды. Құрбысының айтуынша марқұм сол күні аудан әкімінің қабылдауында болған, деп жазады Stan.kz.

35 жастағы Балжан Өзбекованың жұбайы Алматыда құрылысшы болып жұмыс істеген. Төрт баланың анасының кенжесі әлі сәби.

Марқұмның құрбысының айтуынша, сол күні кешкі сағат бесте Балжан оған қоңырау шалып, оны Ақсу облысының әкіміне барғанын және оны кабинеттен қуып шыққанын айтқан. Жетісу облыстық полиция департаменті қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тәртіп сақшылары әйелдің шенеунікке баруы оның өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Еске салсақ, Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған едік. Жедел жәрдем бөлмесінде ол 10 қорап аспирин ішкенін мойындап, бір күннен кейін көз жұмды.