Солтүстік Қазақстан облысында cиырлар жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр

0
798

Ауыл әкімінің айтуынша, ветеринар жеке шаруасынан босай алмай жүр. Алайда, оның басшысы қарамағындағы қызметкер жауапсыз қалмайды деп сендіреді.


Солтүстік Қазақстан облысында cиырлар жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Тоқышы ауылында сиырлар жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр. Жұмбақ ауру бүкіл ауылға тараған, деп хабарлайды ktk.kz.

Бұқара дерт дендей берсе зеңгі баба тұқымдарынан жаппай айрылып қаламыз ба деп дабыл қағып отыр. Сондықтан бұқара ветеринарлардың тезірек келіп, тексеруін талап етеді. Алайда мал дәрігерлері оған асығатын емес.

Бұл - аймаққа беймәлім кесел. Ауылға иемене кірген індет, ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Жарлының жалғыз сиырын да сұлатуға бар. Ал тұрғындардың дабыл қағуы бекер емес. Себебі жұмбақ ауру бүкіл ауылды жайлаған. Галина әжей етсіз, сүтсіз қаламын ба деп алаңдаулы. Өйткені оның 9 сиыры ілініп-салынып әзер жүр.

- Өрістен келген сиырлардың денесінде ісіктер пайда болған. Ал азанда қарындары керіліп, ісіп кеткен. Сілекейлері шұбырып, көздері жасаурап тұрады. Жүре алмайды. Аяқтарын әзер басады, - дейді Тоқышы ауылының тұрғыны Галина Дорошкевич-Лукьяненко.

Осылайша ауыл жұртының 20 күнен бері басы қатып жүр. Бұқара мұндағы жағдайды ветеринарларға айттық дейді. Бірақ әлі күнге бірде бір маман келіп жағдайды бақылауға алмапты. Қазір тұрғындар өз бастары үшін алаңдаулы. Себебі түрт түлікті діңкелетенкен кесел, бізге де жұғуы мүмкін деп қауіптенеді.

- Мал дәрігерлері үйіме әлі келген жоқ. Оларды өз көзіммен көрген жоқпын. Қой, жылқыларым бар. Біреуінен келіп қан алған жоқ. Сиырларды емтеу үшін осындай дәрілерді алып жатыр. Бағасы – 10 мың теңге, - деді ауыл тұрғыны Нұргүл Әбілова.

Аты бар да, заты жоқ мал дәрігерін біз де таппадық. Ауыл әкімінің айтуынша, ветеринар жеке шаруасынан босай алмай жүр. Алайда, оның басшысы қарамағындағы қызметкер жауапсыз қалмайды деп сендіреді. Себебі ол ауылдағы ахуалды жасырған деп салды. Ал өздері мәселенің байыбына бармай жатып жұртты дүрлікпеуге шақырады.

- Біз жануарларды қарап шықтық. Бастысы әзірге малдар қырылып жатқан жоқ. Клиникалық жағдайлары қалыпты. Ия, бір түсінбейтін белгілер бар. Ол нодулярды дермортит болуы ықтимал. Бірақ оған да ұқсатаймын сияқты. Әйтеуір бір түсініксіз ісіктер, - дейді мемлекеттік ветеринарлық бақылау бөлімінің жетекшісі Сергей Калякин.

Абдырап қалған тұрғындар ауру сиырларды өздері емдеп көрген. Алайда еш нәтиже жоқ. Ал енді мал дәрігерлері сынама аламыз дейді. Бірақ ол үшін алдыңғы егілген дәрі-дәрмектің күші тарқауы тиіс екен. Тек содан кейін белгісіз дерттің диагнозын анықтауға кіріспек.