Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

0
2 217

​Әсет Жұматаев бұған дейін Петропавл қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының жаңа бас мемлекеттік санитар дәрігері болып Әсет Жұматаев тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев тағайындалды. Бұдан бөлек, ол Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін де атқарады", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Әсет Жұматаев 1981 жылы 8 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бірлік ауылында туған. Білімі – жоғары, 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдады.

Әртүрлі жылдары қылмыстық-атқару жүйесі органдарында, Аққайың ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бөлімінің басшысы, бас маманы болып жұмыс істеді.

2013-2019 жылдар аралығында Аққайың аудандық қоғамдық денсаулық басқармасын басқарды. 2019 жылдан бүгінге дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болды.