Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жаралады

0
339

​Жергілікті полицейлердің мәлімдеуінше, қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізілуде.


Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жаралады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 58 жастағы ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттады, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға аудан орталығы Тимирязевте болған.

"10 мамырда сағат 17.15-те Тимирязев аудандық полиция бөліміне аудан орталығындағы үйлердің бірінде оқ атылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер үй ауласынан 1962 жылы туған әйелдің мәйітін тапты. Сондай-ақ, атыс қаруынан жарақат алған 2007 жылы туған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде 1962 жылы туған үй иесі мас күйінде әйелімен жанжалдасып, оны "ИЖ" қаруымен атып өлтіргені белгілі болды. Осы кезде ерлі-зайыптылардың үйде болған немересі де оқтан жарақат алған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 99-бабы (адам өлтіру) мен 2-бөлігінің 1-тармақшасы (адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.