Солтүстік Қазақстанда шенеунік пен оның әйелі 83 млн теңге жымқырды

0
849

Оның бір бөлігіне аса қымбат жол талғамайтын автокөлік сатып алған


Солтүстік Қазақстанда шенеунік пен оның әйелі 83 млн теңге жымқырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі облыстық қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары тарапынан бюджет ақшасын ұрлау фактісін әшкереледі, деп жазады Zakon.kz.

Ол өзінің әйелімен бірге астыртын келісіммен бюджеттен 83 млн теңге жымқырған, жер телімдерін шығару үшін құрылыс жобалары туралы жалған келісімшартарға қол қойған. Олар 70 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, оның бір бөлігіне аса қымбат жол талғамайтын автокөлік сатып алған, – делінеді хабарламада.

19 маусымда бюджеттік қаражаттың 19,5 млн теңге көлеміндегі кезекті траншын қолма-қол ақшамен алу кезінде Д. есімді шенеуніктің әйелі ұсталды.