Солтүстік Қазақстанда үй жануарлары құтыру ауруына шалдығып жатыр

0
577

6 елдімекенде шектеу шаралары енгізілді.


Солтүстік Қазақстанда үй жануарлары құтыру ауруына шалдығып жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында құтыру ауруы дендеп барады. 6 елді мекенде шектеу шаралары енгізілді. Жақын күндері тағы 3 ауыл карантинге жабылмақ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округіне қарасты Жалтыр ауылында иттің құтыруға шалдыққаны тіркелді. Иелерінен сараптама алынып, вакцина егілді. Ауылдағы мал басы есепке алынып, ірі-қараға да жұқпаға қарсы екпе салынады.

«Ауру ошақтарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бәріне уақытмен вакцина егіледі. Шектеу шараларына байланысты Қазір Мамлют, Ақжар, Шал ақын, Мүсірепов, Тимирязев, Жұмабаев аудандарындағы індет ошағы тіркелген ауылдандан ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Алдын ала болжам бойынша ауру жабайы аңдардан келген. Бірақ көзбен көрген ешкім жоқ», - дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазанов.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, өңір бойынша 6 сиыр, 2 ит пен мысықтан құтырма ауруы анықталды.