Солтүстік Қазақстанда үш апта бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

0
363

42 жастағы Сергей Лебедев 21 қыркүйекте Қызылжар ауылына жақын жердегі Есіл өзеніне балық аулауға барған.


Солтүстік Қазақстанда үш апта бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында үш апта бұрын жоғалған балықшының денесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

42 жастағы Сергей Лебедев 21 қыркүйекте Қызылжар ауылына жақын жердегі Есіл өзеніне балық аулауға барған. Бірақ үйіне қайтып келген жоқ. Оны іздестіру іс-шараларына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Олар жақын жердің бәрін шарлап шықты. Орманды да қарады. Ал сүңгуірлер жоғалған балықшыны су астынан іздеді.
16 қарашада ер адамның денесін учаскелік инспектор тапты.
"Оны Қызылжар аудандық полиция қызметкерлері тапты. Ер адам суға батып кеткен", - дейді Lider.kz іздестіру тобының өкілдері.
Айта кетері, Петропавл қаласында 61 жастағы Юрий Волосниковты іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Ол 24 қыркүйекте үйден шығып, қайтып келмеген. Сол күні оны көпірге баратын жолда қалалық жағажай жақта соңғы рет көрген. Осы уақытқа дейін Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер Есілдің жағасын шолып шықты, саяжайларды да аралады. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.