Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар ұшырды

0
2 296

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, зымырандар Солтүстік Кореяның шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай атылып, 450 шақырымдай ұшқан.


Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар ұшырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды, деп жазады 24.kz.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, зымырандар Солтүстік Кореяның шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай атылып, 450 шақырымдай ұшқан.

Токио зымырандар елдің экономикалық аймағынан тысқары жерге түсіп, елге ешқандай зиян келтірмегенін мәлімдеді. Бірақ қос мемлекет те Пхеньянның әректін сынға алды.

Жалпы, бұл – Солтүстік Кореяның биыл жыл басынан зымырандарды екінші рет сынауы. Өткен жексенбі күні Пхёнан-Намдо провинциясынан Жапон теңізіне қарай екі қанатты зымыран ұшырылған еді.