Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12 пайызға артты

0
2 385

17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас, ал КВИ-дің теріс нәтижесімен 49 896 жағдай тіркелді.


Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12 пайызға артты

ERNUR.KZ. Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас, ал КВИ-дің теріс нәтижесімен 49 896 жағдай тіркелді. КВИ оңнан 208 074 және КВИ терістен 45 428 науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30 пайызға төмендегі байқалды. Сонымен қатар соңғы 5 күннің ішінде тәулігіне 1 мыңнан астам жағдай анықталды. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12 пайызға өсуі байқалады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Оның атап өтуінше, Қазақстан тәуекелі төмен немесе жасыл аймақтан тәуекелі орташа аймаққа, яғни сары аймаққа ауыстырылды.


«Қызыл аймақта 3 өңір - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тұр. Сары аймақта Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған облыстар жасыл аймақта», - деді Ерлан Қиясов.