​Сорос-Қазақстан Қоры сексуалды азшылық топтардың құқын қорғайтын жобаға грант жариялады

0
1 410

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады.


​Сорос-Қазақстан Қоры сексуалды азшылық топтардың құқын қорғайтын жобаға грант жариялады

фото: nevsedoma.com.ua

Сорос-Қазақстан Қоры сексуалды азшылық топтардың құқын қорғайтын жобаға грант жариялады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады.

Анықтама: Анна Александрова (1976-2011жж.), адам құқығын қорғау және әлеуметтік әділеттілік принциптерін ілгерілету жолына өмірін арнаған, халықаралық құқық саласындағы заңгер.