Сотталғандарға берілетін сәлемдеменің салмағы 20 келіге дейін артуы мүмкін

0
2 600

Жазасын өтеушілерге рұқсат етілген телефон арқылы сөйлесу уақыты ұзартылмақ.


Сотталғандарға берілетін сәлемдеменің салмағы 20 келіге дейін артуы мүмкін

ERNUR.KZ. Сенатта сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі баяндалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Былтыр қаңтар айында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаға бірқатар түзетулерді көздейтін өзгерістер енгізілді. Осыған орай заңнамада мынадай жаңа талаптар бекітілді:

  • тұрғылықты жеріне ауыстыру үшін оң мінез-құлық дәрежесінің болуы туралы талапты алып тастау;
  • сотталғандарға сәлемдеме салмағын 14-тен 20 кг-ға дейін арттыру;
  • дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шектемей беру;
  • телефон арқылы сөйлесуді ұзарту (сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін);
  • ауруына қатысты босату туралы ұсынымдарды қарау мерзімін азайту (1 айдан 10 күнге дейін).

Сонымен қатар, биыл қаңтардан бастап сотталғандарды тамақтандыру нормалары ұлғайтылды (686-дан 1018 теңгеге дейін).

«Ішкі істер министрлігі 4 кодекске 105 түзету енгізуді көздейтін заңнамалық бастамаларды әзірледі. Аталған құжат ауыр науқастану кезінде жазаны өтеуді кейінге қалдыру; ауыр науқастану салдарынан босату туралы сот қаулыларын дереу орындау; 3 жасқа толғаннан кейін баланың анасымен бірге болу мерзімін ұзарту; сондай-ақ басқа да бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізуді көздейді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, сотталғандардың колониядағы әлеуметтік жағдайы да ретімен шешімін тауып келеді.

«Сотталғандардың азық-түлік, киім-кешек, кітаптарды электрондық дүкендер арқылы сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан бөлек, колониядағылардың туыстарымен видео арқылы байланысу тәсілі жүзеге асырылды. Бұл карантиндің шектеулер аясында өте тиімді әдіс болды», - деді Ішкі істер министрі.