Сотталғандарға рақымшылық жасалады

0
732

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, рақымшылық қоғам мен мемлекетке қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған азаматтарға қолданылады.


Сотталғандарға рақымшылық жасалады

ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы мәжілістің қарауына келіп түсті.Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен гуманизм қағидаттарының негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан және қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған», – деді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, рақымшылық қоғам мен мемлекетке қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған азаматтарға қолданылады.