"Сөзіңе жауап бересің бе?": Өскемен әкімі мен блогер арасында дау басталды

0
1 007

Жақсылық Омар өзіне қатысты дауға жауап берді.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен жергілікті блогер арасында жазысқан хаттың скриншоты тарады. Жергілікті блогер Александра Осипова әкіммен арадағы жазбасының скриншотын Instagram желісінде жариялап, оның «Сөзіңе жауап бересің бе?» деген сөзін сынға алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Құны 33 млн теңгені құрайтын автокөлік пен Куленовкадағы үйіңіз үшін қашан жауап бересіз?», - деп жазды ол.


Бұл жағдайға қатысты Өскемен қаласының әкімі жауап берді. Айтуынша, блогер еш дәлелсіз оның жеке басына тиіскен.

«Құрметті өскемендіктер! Кеше әлеуметтік желіде ешқандай фактіге немесе дәлелге емес, тек эмоцияға сүйене отырып менің жеке басыма қатысты баға берген жазба пайда болды. Қала басшысын екіжүзді деп айыптағанын мен жеке басқа тіл тигізу деп есептеймін. Әрине, мен өзімнің ар-намысымды қорлауға бағытталған мұндай әрекетке төзбеймін.
Мен оған тіл тигізгені үшін заң аясында жауапкершілік барын айтқанымды ол жеке басына негізсіз қауіп төндіру деп ұғыпты. Мен дәлелмен келтірілген кез келген шағымды тыңдауға әзірмін», - деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, Жақсылық Омар 2018 жылдың тамызында Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды.