Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем мөлшері белгіленді

0
330

Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді.


Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем мөлшері белгіленді

ERNUR.KZ. Спортшылар жаңа жетістіктерге қайта қол жеткізген жағдайда материалдық қамтамасыз ету басқа жаттықтырушыға да төленеді, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы" бұйрық жобасын әзірледі.

"Материалдық қамсыздандыру ҚР азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 20 еңбек өтілі бар спортшылар мен жаттықтырушыларға беріледі", - делінген құжатта.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға төленетін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мөлшері:

  1. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға – 100 АЕК;
  2. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға – 100 АЕК.

Құжатта материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетіні көрсетілген.

Бұйрық жобасын ашық талқылау 26 сәуірге дейін жалғасады.