Стадионға кіре алмай «Ақтөбенің» матчын сығалап көрген жігітке клуб шексіз абонемент береді

0
455

Қазір жігітті футбол клубы іздестіріп жатыр.


Стадионға кіре алмай «Ақтөбенің» матчын сығалап көрген жігітке клуб шексіз абонемент береді

ERNUR.KZ. Орталық стадионға кіре алмаған жанкүйер «Ақтөбе» - «Астана» матчын стадион сыртынан сығалап тамашалаған. Қазір жігітті футбол клубы іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір біз орталық стационға кіре алмай, ойынды сырттан тамашалаған жігітті іздестіріп жатырмыз. Тек «Астанамен» болған матчта емес, негізі әр ойында стадион лық толады. Ал бұл матч Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған екі мықты команданың ойыны. Сондықтан жексенбі күні болатын ойын билеті сәрсенбіден бастап сатылымға шығарылды. Бірер күн ішінде электронды билет түгел сатылып кетті. Ал қағаз жүзіндегі билет кассаға сол күні түсті, ол да лезде өтіп кетті. Матчты сырттан тамашаған жігіт туралы айтар болсақ, қазір іздеп жатырмыз. Оған «Ақтөбе» ФК барлық ойындарына арналған маусымдық абонементті сыйға бергіміз келеді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин оның фотосын көріп, клубқа шын жанашыр жанкүйерге сый жасауға тапсырма берді», - деді «Ақтөбе» ФК медиа-офицері Әсет Жомарт.

Айта кетейік, кеше футболдан ел біріншілігінде «Астана» ойсырай жеңілді. Кездесу барысында ақтөбелік футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 18-минутта Видемонт Уго есеп ашса, Шина 33-минутта басымдықты арттыра түсті. Оған елордалық клубтан Аслан Дарабаев 43-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойынның 73-минутында ақтөбелік клубтан Әлібек Қасым пенальтиді мүлтіксіз орындаса, Максим Самородов 95-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Астана» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.