Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

0
438

S&P өзінің есебінде мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті.


Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсер етеді.

S&P өзінің есебінде мемлекеттік және сыртқы баланстар алдағы жылдары тұрақты болып қала беретінін және ықтимал макроэкономикалық тұрақсыздықты жұмсарту үшін жеткілікті болатынын атап өтті.

Бұдан басқа, агенттіктің ақпаратына сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанның негізгі мұнай мен газ экспорттық нарықтарына шығуына кедергі болмайды.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру арқылы жалғасады.

Бұдан басқа, ҚР ҰБ-ның кредит беру бағдарламаларынан шығуы артық теңгелік өтімділікті төмендетіп, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жақсартады.

Жалпы, Standard&Poor's Қазақстан экономикасының өсуін 2022 жылы 3,6% және 2025 жылға дейін орташа есеппен 4% деңгейінде болжап отыр.