Ставканы дәл болжайтын шымкенттік көріпкел бірден байып кетті (видео)

0
239

Қонаққа келген футболшыны емші әулиелердің басына ертіп апарып, аруақтарға тәу жасатыпты.


Ставканы дәл болжайтын шымкенттік көріпкел бірден байып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Еуропа біріншілігінде Испания клубы жеңетінін болжаған шымкенттік көріпкел-емшіні футболдан Испания құрамасының В есімді шабуылшысы үйіне іздеп келген. Жалғыз емес, әйелі мен баласын да ерте келіпті. Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасына сұқбат берген емші Назгүл Төленованың өзі айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, ұзын сары атақты футболшы қасына аудармашыны да ерте келген.


Емші футболдан өткен Еуро-2012 біріншлігінде кімнің жеңетінін болжаған. Тіпті, гол соғатын футболшының есімі қай әріптен басталатынын да айтыпты. Бұл болжам әлеуметтік желіде лезде тарап, ақырында сол кезде Испаниядан жеңілген Италия құрамасының жанкүйерлері шымкенттік көріпкелдің кесірі бұл деп өз-өздерін жұбатқан көрінеді. Ал Испания жанкүйерлері, керісінше қазақстандық көріпкелге өз алғыстарын жаудырған. Көп ұзамай Испания құрамасының шабуылшысы ол кісіні тауып, Қазақстанға да келіпті.

"Алдыма екі журналист қыз келді. Солар сұрады осы кубокта кім жеңеді деп... Содан командалардың атын тізбелеп айтты. Мен таспихымды тартып отырып, Испания деп айттым. Өйткені көзімді жұмғанда, таудың ішінде кіріп кеттіппін, бәрі Испания деп шулап жатыр. В деген дауысты естідім. Содан В деген әріптен басталатын футболшы доп соғады деп топшыладым. Сөйтіп журналист қызға айттым, Испания жеңеді деп. Ал оған қарсы команда 0 болады дедім. В деген жігіт гол соғады дедім. Екі рет. Ал қарсы тарап 0 болады дедім. Айтқаным айдай келді", - дейді Назым емші.

Ал әлеуметтік желіде өз болжамы кеңінен тарап кеткенін емші кейін өзінің үйіне қонаққа келген шетелдік футболшыдан білген.

"Қазақстандық әйел Испания жеңеді деп айтты деген ақпарат тараған. Содан Испания ол әйел кім деп мені жаппай сұрастырыпты. Сөйтсе қарсы тарап «сол қазақстандық көріпкел әйел бірдеңе істеді» деп өз жеңілістерін менен көріпті. Шыным сол, мен ештеңе істеген жоқпын, құлағыма келген сөзді болжап айттым, болды", - дейді ол.

10 жыл бойына емшілікпен айналысатын шымкенттік емші таяуда Нұрсұлтанға көшіп келіпті.

Ал қонаққа келген футболшыны емші әулиелердің басына ертіп апарып, аруақтарға тәу жасатыпты.

«Кейін ол жігіт маған Шымкентке келді. Әйелі басқа ұлттан екен, негр ма сондай. Баласын да ертіп келіпті. Бір апта үйде болды, әулиелердің басын аралаттым. Вилья ма аты, есімі жоқ ол жағы. Техастан келдік деді. Емшілікке сенетін қарапайым, ұзын сары жігіт екен. Леңгірге, Түлкібасқа әулиелердің басына бардық. Қастарында аудармашы болды. Негізі маған баласын көрсетуге келген екен», - дейді ол.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет