Стенд атудан ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы жүлде алды

0
1 159

Айта кетейік, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған еді.


Стенд атудан ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы жүлде алды

ERNUR.KZ. Стенд атудан ҚР құрамасының мүшелері Қытайдағы ойындарда тағы жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы (Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.

Жарыс нәтижесі:

1-орын: Үндістан — 337 ұпай

2-орын: Қытай — 336 ұпай

3-орын: Қазақстан — 316 ұпай

Айта кетейік, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған еді.

Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы – алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола алды.

Ханчжоудағы (ҚХР) биылғы Азиадада стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.