Степногор қаласында сатушы әйел қарақшының сазайын берді – видео

0
567

Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы үшін сотталған болып шықты.


Степногор қаласында сатушы әйел қарақшының сазайын берді – видео

ERNUR.KZ. Степногор қаласында сатушы әйел дүкенді тонауға келген қарақшының сазайын беріп, қуып шықты, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 10 тамызда болған. 40 жастағы сатушы әдеттегідей таңертең дүкенді ашып, жұмысына кіріп бара жатқан.

Бір уақытта белгісіз ер адам кіріп келді де, көзден жас шығаратын газды сеуіп, дүкенді тонамақшы болады. Алайда сатушы әйел оған қарсылық көрсетіп, қуып шықты.

Полицейлер күдіктіні ұстады. 21 жастағы қала тұрғыны бұған дейін денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы үшін сотталған.

Осы жолы Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 3-бөлігі (Тонау, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау) және 24-бабы, 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.