Stopfake.kz 1900-ден астам жалған ақпаратты анықтады

0
813

​Жоба авторлары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.


Stopfake.kz 1900-ден астам жалған ақпаратты анықтады

2021 жылы, ҚР АҚДМ құрған сайт оқырмандар аудиториясының медиасауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыртырып, Қазақстанның ақпараттық алаңында таратылған 900-ге жуық жалған хабарламаларды жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, сайт жұмыс жасаған бір жарым жыл ішінде, 2020 жылдың шілдесінен бастап қазақ және орыс тілдерінде 2000-ға жуық фейктер ақпараттар анықталды.

Сайт жұмысының нәтижесінде карантиндік шектеулер туралы вирустық хабарламалар, COVID-19 вакцинациясының қауіптілігі туралы жаңылыс ақпарлар, 2021 жылғы парламенттік сайлау туралы жалған ақпарат және т.б. тоқтатылғанын атап өтуге болады.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердітұрақты мониторингі жүргізіледі. Сонымен қатар, ресурста сараптамалық сұхбаттар пайда болып, онда белгілі бір хабарламалар ғылыми тұрғыдан түсіндірілді. Жоба "Медиаға арналған Медиа" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Күн сайын сайттағы материалдарды Қазақстанның ірі басылымдары, сондай-ақ шетелдік ақпараттық ресурстар қолданады", – деп жазылған хабарламада.

Сайттағы екі тілді материалдардан басқа, түрлі мақалалар әлеуметтік желілерде таратылады. Қазіргі уақытта жобаның контенті әртүрлі платформаларда 7 млн-нан астам рет қаралды.