Студенттер сабақты 1 қыркүйекте бастауға міндеттелмейді – министрлік түсініктемесі

0
1 121

​Оқуды аралас форматта да ұйымдастыруға болады. Атап айтқанда, дәрістерді онлайн режимде, ал семинарлық, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өткізіледі.


Студенттер сабақты 1 қыркүйекте бастауға міндеттелмейді – министрлік түсініктемесі

ERNUR.KZ. 1-2 курс студенттері мен магистранттар сабақты 1 қыркүйекте бастауға міндетті емес. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Оқу жылы оқу курсына байланысты басталады. Мәселен, 3-4 курс студенттері 1 қыркүйектен бастап келеді. Ал 1-2 курс және магистранттар қыркүйектің соңына дейін сабақты бастай алады. Барлығы университеттің академиялық күнтізбесіне сай болуы шарт", - деді Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, оқуды аралас форматта да ұйымдастыруға болады. Атап айтқанда, дәрістерді онлайн режимде, ал семинарлық, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өткізіледі.

"Ал қашықтан оқыту форматы ерекше білім алу қажеттілігі бар және тәуекел топтарына кіретін студенттерге қатысты қолданылуы мүмкін", - деп түсіндірді вице-министр.

Университет аумағына, соның ішінде оқу корпустарына, кітапхана мен жатақханаларға Ashyq арқылы кіргізеді. Бетперде режимі де сақталуы шарт.

"Айта кетері, студенттерден ПТР-тест талап етуге болмайды", - деп түйіндеді Ерғалиев.