Су тасқыны: Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткені үшін Ердоғанға алғыс айтты

0
295

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.


Су тасқыны: Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткені үшін Ердоғанға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.