Су тасқынынан үйлер құласа, шығын жергілікті бюджеттен өтеледі - ТЖМ

0
415

Егер жетпесе қаржы республикалық бюджеттен қаралады.


Су тасқынынан үйлер құласа, шығын жергілікті бюджеттен өтеледі - ТЖМ

ERNUR.KZ. Су тасқынына қатысты Түркістан облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін бе? Бұл сауалға Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай жариялаудың өз ережесі бар. Егер шығын келмесе, үйлердің су астында қалуы деген секілді зардап болмаса, онда төтенше жағдай жарияланбайды», - деді Ибрагим Күлшімбаев ОКҚ өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Тілшінің демек өңірдегі жағдай тұрақты ғой? деген нақтылау сұрағына «Жағдай тұрақты», деп қысқа қайырды.

Одан бөлек, министрдің бірінші орынбасары тұрғындар төтенше жағдайда қайда бару керектігі және шығынды өтеуге қатысты түсінік берді.

«Біздің министрлік және жергілікті атқарушы органдардың күшімен елді мекендерде арнайы эвакуациялық бекеттер (пункт) ұйымдастырылған. Төтенше жағдайда қайда бару керектігін жергілікті халық біледі. Егер тұрғындардың үйлері құлап немесе басқа да зардап келсе онда шығын өтеледі. Ол үшін жергілікті бюджетте қаржы қарастырылған. Егер жетпесе қаржы республикалық бюджеттен қаралады»,- дейді ол.