​Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үйлерін қалпына келтіру үшін 22 миллион теңгеден бөлінеді

0
434

Министр ведомствоның су тасқынынан зардап шеккендер туралы мәліметтерді әлі де жинап жатқанын жеткізді.


​Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үйлерін қалпына келтіру үшін 22 миллион теңгеден бөлінеді

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан үйлерi зақымданған қазақстандықтарға көмек көрсету үшiн мемлекет бюджетінен қанша теңге бөлiнетiнiн айтты, деп жазады stan.kz.

Министр ведомствоның су тасқынынан зардап шеккендер туралы мәліметтерді әлі де жинап жатқанын жеткізді. Су басқан үйлердің нақты саны әзірге белгісіз. Алайда Шарлапаев оларды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 22 миллион теңге бөлінетінін айтты.

"Төтенше жағдайлар вице-министрі су тасқынына неге дайын болмағанын түсіндірді: Ал министр отставкаға кете ме? Су тасқынын алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңге қайда жұмсалды" – Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді.
"Бұл бір бөлмелі пәтердің құны. Бір шаршы метрі 281 мың теңге болады. Жөндеуді қажет ететін үйлердің нақты саны белгісіз", - деді ол.
Айта кетейік, өтемақы көлеміне халық наразылығын білдірді. Олар бұл қаржының барлық шығынды өтемейтінін, өйткені су тасқынынан мал мен басқа да шаруашылықтар зардап шеккенін жеткізді.