Су тасқынының салдары: «Челси»-дің атақты ойыншысы Ақтөбеге келді

0
186

Клод Макелеле су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларына қолтаңбасын берді.


Су тасқынының салдары: «Челси»-дің атақты ойыншысы Ақтөбеге келді

ERNUR.KZ. Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле Ақтөбеге келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол су тасқынынан кейін үйінен айырылған отбасылардың жағдайымен танысқан. Айта кетейік, су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдар қазір Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жатақханасындағы уақытша орналастыру пунктінде жатыр.

«Сондай-ақ ол жатақханадағы отбасылардың балаларына естелік ретінде қолтаңбасы бар доп сыйлады. Ол болашақта футболист болғысы келген балаларға доп тебудің қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін айтып, сондай-ақ үлкен спорттағы өмірі, тәжірибесі туралы сөз қозғаған», - деп хабарлайды облыс әкімінің сайты.

Айта кетейік, аты аңызға айналған футболшы Ақтөбе қаласына «Super bol»! шарасынығ құрметті қонағы ретінде келген болатын.