Судья журналистерге Біртановтың сотынан аудио мен видео таратуға тыйым салды

0
485

Бұл туралы экс-министрдің өзі әлеуметтік желіге жазды.


Судья журналистерге Біртановтың сотынан аудио мен видео таратуға тыйым салды

ERNUR.KZ. Бұл туралы экс-министрдің өзі әлеуметтік желіге жазды. Осыған байланысты Елжан Біртанов судья Әлкеновтен бас тартатыны туралы тағы шағым түсірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Экс-министрдің айтуынша, судья өз шешімін түсіндіргенде әртүрлі фото мен видеороликтер «бағалау пайымымен» бұрыс қоғамдық пікір қалыптастыратынын айтқан.

«Негізі заң бойынша, Қазақстанда судья сот өткізерде және шешім қабылдарда тәуелсіз болуы керек. Қоғамдық пікірден де, пайымнан да. Алайда біздің жағдайда судья Әлкенов керісінше тәуелді болып, қоғамдық пікірге тәуелділік танытып отыр. Демек біздің іске төрағалық етуден шеттетілуі керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек 2016 жылы Хорватияның Ericsson Nikola Tesla байланыс операторы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен медициналық ақпарат порталы туралы келісімге келген болатын. Келісім құны 20 миллион еуроны құрады. «Ericsson» Қазақстанға денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін ұлттық деңгейге жеткізуге көмектесуді міндетіне алған. Тапсырманы орындау үшін бір жыл қажет болды, сонымен қатар пайдаланушылар үшін жеткізушінің қосымша үш жылдық қолдауы қажет еді.

Жоба 2018 жылы аяқталып, оны сол кездегі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бекіткен. Ол 2020 жылдың маусымында отставкаға кетті. Бірақ сол жылдың соңында цифрландыру қорынан 445 мың еуро жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.