​Суға батып бара жатқан бала құтқарылды

0
1 768

Оқиға желісі қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы Шаған өзенінде орын алды.


​Суға батып бара жатқан бала құтқарылды

ERNUR.KZ.Оралда жедел құтқару жасағының құтқарушылары Павел Фёдоров пен Азамат Жәрдемов қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінде батып бара жатқан 2005 жылы туған ұл баланы құтқарып қалды, деп жазадыBaq.kz.

«Оқиға желісі қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы Шаған өзенінде орын алды. Өзенге түскен көпшіліктің арасынан алыс қашықтыққа жүзіп кеткен баланың батып бара жатқанын көрген құтқарушы Азамат Жәрдемов жедел түрде жүзіп барып, оны судан алып шықты. Бала қатты қорқып қалған екен. Оған қажетті көмек көрсетіліп, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ержесі түсіндірілді», - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы А.Құнжабаева.

Оның айтуынша, баланың анасы ұлының алысқа малтып кеткенін және де оның батқанына дейін көрмей қалған. Сондықтанда, салғырттық танытқан өзен жағасында отырған баланың анасына да түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Суға шомылу маусымы әлі де жалғасады. Осы аралықта сақтық шараларын сақтамаса, қауіпке душар боларымызды ескере жүрейік», - деді ол.