Суға шомылу маусымы ресми аяқталды - ТЖ комитеті

0
673

ТЖ комитетінде суға шомылу маусымының қорытындысы шығарылды.


Суға шомылу маусымы ресми аяқталды - ТЖ комитеті

1 қыркүйек күні елімізде суға шомылу маусымы ресми аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ТЖК полициямен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастырушылы, практикалық іс-шаралар кешенін жүргізді. Күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы құтқарды. Ал, суға шомылу маусымы басталғаннан бері (а.ж. 1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды.

Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 тамыз аралығында) өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп, көз жұмды.

Тек суға шомылу маусымының соңғы аптасында (24-31 тамыз аралығында) Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Шымкент қаласында 14 адам, оның ішінде 3 бала суға батып, көз жұмды.

Ағымдағы суға шомылу маусымында Алматы - 35, Шығыс Қазақстан – 31, Түркістан - 23 облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны көп болды.

Елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталды, 6 020 ескерту белгісі орнатылды. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жағажайлардың 689 құтқарушы- жасақшыны оқытты.

Полиция департаменті мен волонтерлік ұйымдармен бірігіп қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс және су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзушыларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 33 мың рейд және патрульдеу жүргізілді, 6 355 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 14 млн. астам теңге айыппұл салынды.

Рейд іс-шаралары барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, үгіт-насихаттау өнімдері (парақшалар, жаднамалар) таратылады. Барлығы 499 564 мың өнім таратылды.