​Сүйіктісіне ұсыныс жасаған астаналық жігіт 63 көлікпен жазу жазып, елді таңғалдырды (видео)

0
1 505

Елорда автотұрақтарының бірінде 63 көлікпен "Выходи за Маке" деген жазу жазылды.


​Сүйіктісіне ұсыныс жасаған астаналық жігіт 63 көлікпен жазу жазып, елді таңғалдырды (видео)

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны ерекше әдіспен сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады sputniknews.kz.


Елорда автотұрақтарының бірінде 63 көлікпен "Выходи за Маке" деген жазу жазылды. Мадияр осындай ерекше әдіс арқылы сүйіктісі Сабинаны таңғалдыруға шешім қабылдаған екен.


Жазу әуеден квадрокоптердің көмегімен видеоға түсірілген. Сабина тұрмысқа шығу туралы ұсынысты монитор арқылы көрді. Жүзік пен гүл ұстаған Мадияр оған жақындайды. Таңғалған қыз: "Иә", — деп жауап берді.
"Ғашықтар сүйіктісіне қалай ұсыныс жасайтынын күн сайын көріп жүрген жоқпыз. Маке, біз сені мақтан тұтамыз, сендерге бақыт және көп перзент тілейміз", — деп жазды Мадиярдың досы Денис Сидтиков.