Суицидке бейім сарбаздарды алдын ала анықтайтын кешен енгізілді

0
687

Кешенде 60-тан астам психологиялық құрал бар.


Суицидке бейім сарбаздарды алдын ала анықтайтын кешен енгізілді

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ-сұңқар» әмбебап кешендері жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ел ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтарды әскери есептен шығару және қою тіркеу мекенжайы бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл азаматтарды әскери комиссариаттарға жүгіну қажеттілігінен босатады.Әскери қызметтен өтпеген азаматтар әскери билеттерді алу қажеттілігінен босатылады. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді және бюджет қаражатын үнемдейді. Бұл инновациялар құқықтық бекіту сатысында», - деді Ахмедиев.

Ол атағандай, білім беру жеңілдіктерін беру арқылы мерзімді әскери қызметтің уәждемесін арттыру жөніндегі жоба іске асырылды.

«Еліміздің жоғары оқу орны есебінен білім алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізу бойынша «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі енгізілді. Суицидтік мінез-құлыққа бейім адамдарды уақтылы анықтауға арналған «Ақ-сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешендері енгізілді. Кешенде 60-тан астам психологиялық құралдар базасы бар және жеке сипаттамаларды зерттеу нәтижелерін автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Министрлік Egov-порталдағы жеке кабинетке ұқсас "әскери қызметші кабинеті" атты модулін әзірледі. Бұл әскери қызметшіге нақты уақыт режимінде оның қызметіне қатысты мәліметтерді көруге, қажетті анықтамаларды алуға және әскери қызмет өткеру қағидаларында көзделген баянаттарды беруге мүмкіндік береді», - деді ол.