Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

0
848

Марат Ахметжанов бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.


"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.


Президенттің өкімімен Марат Ахметжанов Қазақстан Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.