Сырдария өзеніне секірген қыз құтқарылды

0
625

Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстіндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды.


Сырдария өзеніне секірген қыз құтқарылды
ERNUR.KZ. Оқыс оқиға 25 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00 шамасында болған, деп жазады exk.kz.

Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдарияның сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түскен.

"Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды", — деп жазылған департамент таратқан хабарламада.