Сыртқы істер министрлігі Darkhan Juzz Тайландта жол апатынан қайтыс болғанын растады

0
570

Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді.


Сыртқы істер министрлігі Darkhan Juzz Тайландта жол апатынан қайтыс болғанын растады

ERNUR.KZ. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында қайтыс болды.

"Біздің азамат жалдамалы мопедпен жүріп жол көлік апаты салдарынан қайтыс болды. Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажет құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бірер уақыт бұрын Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді.

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші - "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарған және өзі орындады. Оның инди-поп жанрындағы әндері тыңдарманға ерекше жаңа стиль алып келген еді.