Тағы бір ана перзентханада қайтыс болды

0
2 170

Дәрігерлер суып кеткен денені жылыту үшін марқұмның денесін күйдіріп тастаған


Тағы бір ана перзентханада  қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысы, Ұйғыр аудандық перзентханасында 34 жастағы келіншек қайтыс болды. Бесінші перзентін дүниеге әкелген Дильмира Мақсұтованың жақындары, келіншектің өліміне дәрігерлерді кіналап отыр. Тіпті, ақ халаттылар салғырт әрекеттерін жасыру үшін, мәйітті күйдіріп, қорлады деп ашулы. Алайда, перзентхана басшылығы басқа пікірде, деп хабарлайды 31 арна.

Анасының қазасын естіген күні есейіп кеткен үйдің үлкені Гүльмира анамнан айырған ақ халаттылар деп айыптады. «Жүктілік кезінде денсаулығы сыр бермеген анамның аяқ астынан жүрегі неге тоқтап қалды? Дәрігерлер келіп, бізге, бес баласына түсіндірсін дейді.

«Қайтыс болды дедім. Енді бес балаға кім қарайды? Осы дәрігерлерде кінә. Неге дұрыс қарамайды адамға», - дейді марқұмның қызы.

Әйелін жер қойнына тапсырған Радулин Самиев әйелім босанғаннан кейін үш сағаттан астам қараусыз қалды дейді. Салдары - ажалына себеп болды деп отыр. Бір күн бұрын ғана өз аяғымен перзентханаға апарып, «қарамай қала ма деп, қалтасына ақшасын да салып, жеткізіп салған келіншегім сағат кешкі тоғызда босанды. Үш сағаттан соң дәрігерлер жағдайы қиындады деп хабарласты, отаға тек осыншама уақыттан кейін ғана алған дейді.

«Мен барсам, әйелім әлі акушер үстелінің үстінде әлі жатыр. Үш жарым сағат болып кеткен. Қалайсың десем, жақсы, тоқтамай жатыр деді», - дейді РАДУЛИН САМИЕВ.

Марқұмның күйеуі перзентхана қызметкерлерінің ота залына дене жылытуға қоятын жылытқыны көтеріп, жүгіріп жүргенін көрген. Салғырт әрекеттерін жасыру үшін, жандалбасалап, өлген адамды қорлады деп Дильмираның жақындары да дәрігерлерді кінәлап отыр.

«Қызыңыз енді өлді деп айтқан. Апалар ұстағанда суық болып кеткен. Бұлар денесін жылыту үшін грелкамен жылытамыз деп денесін күйдіріп тастаған», - Д. Мақсұтованың туысы Шапиева.

Ал, перзентхана басшылығы болса, бастапқыда келіншектің денесінің күйіп қалғанынан хабарсыз екенін айтып, артынша ол құралды қан тоқтату үшін, қолдандық деп ақталды. Ал, келіншектің өліміне босанудан кейінгі бір сағаттан соң жағдайының нашарлап кетуі себеп болды деп отыр.

«Сол туыттан кейін бір сағаттан аса уақытта, жатырынан қан кетіп. Адамда токпен қанды тоқтату үшін, қан көп аққан. Солай болған болу керек», - дейді Ұйғыр аудандық ауруханасы Бас директорының орынбасары Әнуар Рашидов.

Басшылықтың бұл пікіріне көңілі толмаған қайтыс болған келіншектің жақындары, босандырған дәрігердің далаға шығып, өздеріне жауап беруін талап етті. Бірақ Дильмира Мақсұтованы босандырған дәрігер бой көрсетпеді.