Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшуы мүмкін

0
387

Ғылыми бағдарлама таңдалғаннан кейін яғни біз уақытты анықтап, қазақстандық ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберу туралы айта аламыз.


Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшуы мүмкін

ERNUR.KZ. Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшуы қарастырылып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді, деп жазады baq.kz.

Арнайы ғылыми бағдарлама әзірленіп жатыр. Бізде бірлескен бастама бар. Ғылыми институттармен бірлесіп, қазақстандық зерттеулерді жалғастыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Олар Халықаралық ғарыш станциясында алтыншы бағдарлама аясында зерттеулер тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде, - деді Бағдат Мусин министрлікте өткен брифингте.

Ол тағы бір қазақтандықтың ғарышқа ұшу мүмкіндігі жайлы айтты.

Ғылыми бағдарлама таңдалғаннан кейін яғни біз уақытты анықтап, қазақстандық ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберу туралы айта аламыз. Біз ғарышкерді ол жаққа жай жібере алмаймыз. Ол үшін тиісті ғылыми бағдарлама қажет.

Қазіргі таңда бірнеше ғылыми бағдарлама дайындалып жатыр. Комиссия осы бағдарламаларды таңдайды. Нәтижесінде сол ғылыми бағдарламаға сәйкес ғарышкер де таңдалады. Біз жұмысты енді бастап жатырмыз. Қазір мен нақты уақытты айта алмаймын. Себебі, бәрі бюджеттен қаржыландыруға байланысты, - деді Цифрлық даму министрі.