Тағы да 40℃ аяз: синоптиктер болжам жасады

0
2 380

Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.


Тағы да 40℃ аяз: синоптиктер болжам жасады

Қазақстан территориясының басым аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болғандықтан тұрақсыз ауа рай сақталады, қар жауады, республиканың батысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.