Таиланд ауруханасында ес-түссіз жатқан қазақстандық турист көз жұмды

0
373

Жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан Артур Ысқақов теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.


Таиланд ауруханасында ес-түссіз жатқан қазақстандық турист көз жұмды

Таиландта комада жатқан қазақстандық қайтыс болды. Бұл жайында оның әпкесі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айлана Ауари аталмыш жағдайды Facebook парақшасында жеткізді.

«Артур енді жоқ» деп жазды ол.

Таиландта комада жатқан отандасымыздың жағдайы ауыр болатын.

Жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан Артур Ысқақов теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.

Соңғы күндері Пхукетте қатты толқын көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.

Қазақстандықтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған реанимациялық іс-әрекеттер жасап, дәрігерлерге тапсырды.

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөз жүргізіп жатқан еді.

«Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеу кезінде теңізге түспеу керектігін еске саламыз. Өкінішке қарай, бұл - соңғы аптада Таиландта отандастарымызға болған екінші оқиға» деп ескертеді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі