Таиланд қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартты

0
289

Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады.


Таиланд қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартты

ERNUR.KZ. Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. Мұны Таиланд туризм басқармасы мәлімдеді.

Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.