Таиланд пен Грузияға қазақстандық вакцина паспортын мойындау ұсынылды

0
356

Бұған дейін Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынған болатын.


Таиланд пен Грузияға қазақстандық вакцина паспортын мойындау ұсынылды

ERNUR.KZ. Қазақстан COVID-19 паспорттарын/сертификаттарын Венгрия, Таиланд Корольдігі, Моңғолия, Грузия, Молдова Республикасы және Қырғыз Республикасымен өзара тану мәселесін пысықтап жатыр, деп жазады tengritravel.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Молдова Республикасы, Қырғыз Республикасы және басқа да елдердің вакцинасы немесе COVID-19 тестінің теріс нәтижесі туралы деректерді қамтитын COVID-19 паспорттарын/сертификаттарын өзара тану мәселесін пысықтап жатыр", - деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған дейін Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынған болатын.